24 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Сәби анасы үшін жанкүйер болды»

Ата – аналарды балабақша өміріне белсене қатысуға, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану барысында өз балаларына үлгі болуға баулу, ата – аналар арасында достық қарым қатынасты нығайту,

оларға спорттық ойындарды орната отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жуырда  № 54 «Айгүл» бөбекжай бақшасында ата – аналардың қатысуымен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Команда құрамы жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Әр тапсырманы тез, дұрыс және бірінші орындаған командаға қазылар алқасы ұпай сандарын қойып отырды. Ал, көрермен болып отырған балалар үшін ата – аналарыны спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру зор қуаныш болды. Спорттық мереке соңында бөбекжай-бақшасының директоры Айман Сапаровна жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, оларды дипломдармен марапаттады.