24 Қаз 2020
Материал №54 Айгүл балабақшасы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас – жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп және оның пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру. Ата – аналардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты ата – аналармен семинар өтті. Семинар кезеңі 12 бөлімнен тұрды. Ата – аналар семинарға қызығушылықпен қатысып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары керектігі екенін  және Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесерін тигізетін індет екенін түсінді.