24 Қаз 2020
Материал №54 Айгүл балабақшасы

Біздің жетістіктер

Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қалалық сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ, Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Болашаққа білімді дені сау ұрпақ» ұранымен балабақша аралық өткізілген спорттық – интелектуалдық эстафетасына № 54 «Айгүл» балабақшасының балалары жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. «Білім жолымен» атты мектеп жасына дейінгі балалар арасында өткен балабақша аралық №11 топ тәрбиеленушісі Рамазанова Маргарита «Бәрін білгім келеді» номинациясы бойынша ІІ жүлделі орынмен, №11 ересектер тобының тәрбиеленушісі Доронина Вика «Біз мектепке барамыз» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынмен, №10 ересектер тобының тәрбиеленушісі Владимир Рахман «Ойна да ойлан» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орындармен марапатталды. Жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Мәңгілік ел» идеясын балалар шығармашылығы арқылы іске асыру мақсатында өткізілген «Әлем балалар көзімен» тақырыбында суретсалу қалалық байқауында жүлделі ІІ орынға № 11ересектер тобының тәрбиеленушісі Панарбек Ясмина марапатталды және мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасындағы қалалық «Көркем сөз көсемі» атты мәнерлеп оқу сайысында өз өнерін көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін № 11ересектер тобының тәрбиеленушісі Жолдасқали Дильназ Алғыс хатпен марапатталды. Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының «Айгөлек» қалалық фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша №10 ересектер тобының тәрбиеленушісі Мекен Амина Алғыс хатпен, «Хореография» номинациясы бойынша №10 ересектер тобының тәрбиеленушілері  жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Астана қаласы ХІ – Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль – байқауына №10 ересектер тобының тәрбиеленушісі Мекен Амина   ІІ – ші дәрежелі Дипломант атанды. Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министірлігі Астана қаласы ХІ – Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль – байқауы  ІІ – ші дәрежелі Дипломант (Мекен Амина).  ҚР  білім және ғылым министірлігі І – Республикалық «Серпер»  шығармашылығы фестиваль – байқауы   ІІ – ші дәрежелі Дипломант  (Мекен Амина). ҚР  білім және ғылым министірлігі І – Республикалық «Серпер»  шығармашылығы фестиваль – байқауы   ІІІ – ші дәрежелі Дипломант  (Зинор Айдария). ҚР  білім және ғылым министірлігі І – Республикалық «Серпер»  шығармашылығы фестиваль – байқауы   ІІ– ші дәрежелі  Лауреат Дуэт: Аманша Ерасыл, Мусағали Кәусар. 

 

29 қараша айында өткен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәнгілік ел!» қалалық форумына «Үздік сабақтар» шеруіне тәрбиеші Фазылова Рабиға Муфтоллақызы қатысып Алғыс хатпен марапатталды . Сонымен қатар, маусым айында қалалық білім беру ұйымының ұйымдастыруымен   «Жыл тәрбиеші көмекшісі – 2017» сайысына қатысып,  ІІІ – ші дәрежелі орынмен Багитжанова М.М марапатталды.