Ата – анамен бала арасында үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында № 54 «Айгүл» балабақшасының психологы Ашабекова Алма Нығметқызы «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата – аналарға семинар өткізді.
Алма Нығметқызы семинар бағдарламасымен таныстырып, ортаға ата – аналарды шақырып «Мені неден жасады?» атты тренинг арқылы семинарды бастады. «Айгүл» балабақшасының балаларының дайындауында «Отбасылық тәрбие» бейнеролигі көрсетілді. «Кір машина», «Үй» , «Мөлдір су» тренингтері жүргізілді, « Үлгілі отбасы, Үлгілі емес отбасы» тақырыбында ата – аналарға шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Ата – аналар семинарға белсенділікпен қатысып, ризашылықтарын білдіді. Семинардан бала тәрбиесіндегі кетіп жатқан кемшіліктерінен тәрбиелік сабақ алды. Қорытынды бөлімінде балабақша директоры Айман Сапарқызы ата – аналарға ризашылығын білдірді. Семинарға белсенді қатынасқан ата – аналарды атап кетуді жөн көріп отырмыз Асель Сағынтайқызы, Сакен Қалелқалиұлы, Наурыз Бисенбайұлы, Мирас Ғабдолхайұлы, Мендігүл Абуталиқызы, Асет Досанұлы, Ерлан Багитжанұлы