05 Қаң 2023
Жаңалықтар

Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №54 “Айгүл” бөбекжай-бақшасында №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: “Мектепке дейінгі оқыту жұмысының инновациялық бағыттағы іс -әрекетін жүзеге асыруда жаңа технологияларды қолдану әдістерінің тиімділігі.

Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №54 “Айгүл” бөбекжай-бақшасында №3 педагогикалық кеңес өткізілді.
Тақырыбы: “Мектепке дейінгі оқыту жұмысының инновациялық бағыттағы іс -әрекетін жүзеге асыруда жаңа технологияларды қолдану әдістерінің тиімділігі.
Педагогтар жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктерін теория мен практика жүзінде ұйымдастыра білді. Балабақшамызда қолданылып жатқан жаңа технологиялар бойынша тәжірибелі тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде әдіс-тәсілдерін қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтарын көрсетіп, әр технология түрлеріне түсінік берді. “Дамыта оқыту технологиясы” бойынша: “Ой козғау” әдісі, “Ассоциация” әдісі, “Салыстыру” әдісі, “Раунд-Робин” әдісі, “Топтау” әдісі, жайында. Монтесорри технологиясы аймақтары жайында, Ертегі терапиясы (тантемореска, еден театры т.б) жайында , денсаулық сақтау технологиясы бойынша дәстүрден тыс құралдар жайында жас мамандар өздеріне әдістемелік көмек ретінде кеңестер алды. Тәжірибелерімен бөліскен тәрбиешілер: Сейталиева Г.Е.; Кишкенебаева Д.А.; Сүйінғалиева Г.Ө.; Альдешова К.Б.; шығармашылық табыс тілейміз. Педагог-психолог Ашабекова А.Н. педагогтармен психологиялық ойын ұйымдастырып, педагогтарға психологиялық қолдау көрсетті.