22.02.19 күні балабақшамызда педагог – психолог Ашабекова Алма Нигметовна ұйымдастыруымен «Әке жүрегі таудан үлкен» атты әкелерге арналған семинар – тренингі өтті.
Семинар тренингтің мақсаты:Отбасында бала тәрбиесінде әкенің орнын, баламен жақсы қарым –қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын әкелерге түсіндіру. Әке өсиеті мен тәлім – тәрбиесінің маңызы ерекше. Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Балаларды үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Әкемен балабақша байланысын дамыту. Психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізе отырып әкелердің психологиялық – педагогикалық мәдениетін арттыру. Шараны балабақша ата – аналары мен педагогтары тамашалады. Семинардың ашылуы балабақшамыздын бүлдіршіндері ортаға шығып әдемі әкеге арналған өлін жолдарымен басталды. Балаларға тосын сый дайындалып әкелері қонаққа келді. Әрбір бала өз әкелерін көріп жүздері қуанышқа бөленді. Бүлдіршіндер өз әкелерін ортаға әкеліп танысу тренинг арқылы әкелермен жақын байланыс орнады. Жалпы бүгінгі тақырыпқа сай педагог – психолог кіріспеден бастап бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы нақты мағұлмат беріп өтті. Отбасындағы бала тәрбиесі жайында және де тәрбиедегі кемшіл тұстар жайында өз ойларын білдірді. Семинарда көптеген қызықты жұмыстар жүргізілді мысалы: Бейнеролик : «Бүгінгі әке қандай?» тақырыбында балалардын дайындаған көріністерін тамашалады.Әкелер өз балаларын көріп бала тәрбиесінде кетіп жатқан кемшіліктерін сезіне отырып, өз балаларын көріп бір қуанып қалды. Қызықты ойындар әке мен бала арасында жүргізілді. Балалармен шығармашылық жұмыс жасай отырып әкелерге сыйлық дайындалды. Әкелерге сұрақтар қойылып талқылау арқылы әкелердін пікірлерін білдік. Бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалар туралы әңгіме жүргізілді. Көптеген қызықты «Мен жақсы әкемін бе?», «Жылулық қадам» , «Әке арманы» тренингтер жүргізілді. Семинарда сұхбат та, қызықты ойын, балалардың әкелеріне арнаған тосын сыйы да болды.
Бұл шара жоғары деңгейде өтті. Бала – әкесін қажет кезде арқа сүйер тіреуші, панасы екенін ұғынады деген қорытындыға келіп, әкелер қауымы балабақша ұжымына алғысын білдіріп, шара соңында белсенділік танытқан әкелер алғыс хатпен марапатталды. Бүгінгі семинардан әкелер жақсы сезіммен кетті деген ойдамыз.
Бүгінгі кешімізге келген әкелеріміз:
1.Доскалиев Ербол
2.Мақсотұлы Артур
3.Нурманов Нурлан
4.Булекбаев Асхат
5.Алиев Нуржан
6.Тулегенов Серік
7.Есенжанов Ерлан
8.Нургалиев Қуанғали