24 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Жас поэзияшылар»

Ана – тілің – арың бұл,

Ұлтың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,


Өз тіліңді құрметте! – деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, балабақша табалдырығынан бастау алатын тағылымды  тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыру, үлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялату біздің басты мақсатымыз. Жуырда балабақша қабырғасында №24 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбы мен  балабақшамыздың ересектер тобының бүлдіршіндері арасынада «Жас поэзияшылар» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізілді. Сайысымыздың негізгі мақсаты – балалардың коммуникативті тіл құзыреттілігін арттыру, тілге деген құрмет көрсету мен бірге балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Мемлекеттік тіл, орыс, ағылшын тілдерінде деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, поэтикалық сөздің сұлулығы мен мәнерлігін сезінуді дамыту болатын. Бұл сайыста балаларымыз қазақ, орыс, ағылшын тілінде өлеңдерді мәнерлеп, шеберлікпен көрермендерге жеткізе алды. Сайыскерлердің ішінде өзге өзге ұлт балалары да өлеңді мәнерлеп айтып, ата – аналарды, қонақтарды, таң тамаша қалдырды. Женімпаздар мен қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.